RU

Түркіменстанда президенттің суретін дәретханаға қолданғандар қатаң жазаланбақ

Гумдаг елді-мекенінің тәртіп сақшыларына барлық әжетханаларды тінту жұмыстары тапсырылды. Полицейлер әрбір үйдің дәретханасында тексеріс жасап, елбасы бейнеленген газеттерді өз жеке қолданысы үшін жаратқандарды анықтау тиіс деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Sputnik Таджикистан
Фото: Sputnik Таджикистан: UGC

Әжетхана қағазының орнынан елбасы бейнеленген газет-журналдарды қолданғандарға қатысты тәртіп сақшыларының тиісті шаралары да бар.

Мәселен бастапқыда, заң бұзушыларға тек ауыз сөз түрінде ескерту жасалынса, келесі ретте айыппұл мөлшерінде жазасын алу немесе тіпті темір торға да тоғытылып қалуы ғажап емес. Бұл жағы әлі де қарастырылып жатыр.

Түркіменстан халқы газет беттерінде шамадан тыс қаптап кеткен ел президентінің суреттеріне наразы. Олардың айтуынша, жай күндері жоқ дегенде екі-үш суреті бой көрсетсе, демалыс және мереке күндері тіптен фотолар саны оннан асып жатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733246-trkimenstanda-prezidentti-suretin-drethanaga-koldangandar-kata-zazalanbak.html