RU
Қазақстандағы ең бай бизнесмендердің бірі қамауға алынды
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандағы ең бай бизнесмендердің бірі қамауға алынды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық бизнесмен әрі "Эксимбанк Қазақстан" акционерлік қоғамының экс-басшысы Еркін Әмірханов Астанада қамауға алынды. Ол коммерциялық пара берді деп күдіктелуде. Бұл туралы NUR.KZ порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Еркін Әмірханов. Фото: blogspot.ru

Еркін Әмірханов. Фото: blogspot.ru

Еркін Әмірханов бірнеше жыл бойы еліміздің ең бай адамдары тізімінде бой көрсетіп келді.

Қазақстан ҰҚК ақпаратына сәйкес, Әмірхановтың үстінен сот алды тергеу ағымдағы жылдың 3 мамырында басталған.

"2018 жылдың 3 мамырында ҰҚК тергеу департаменті "Центрказэнергомонтаж" АҚ сатып алу қызметі бойынша (Астанадағы мемлекеттік келісімшарттар аясында мердігерлік жұмыс атқаратын) бұрынғы төрағасы Әмірханов Еркіннің үстінен сот алды тергеу жүргізуді бастады. Ол Қылмыстық кодекстің 253 бабы алтыншы бөлімі бойынша (коммерциялық пара беру) қылмыстық заңбұзушылық жасады деп күдіктелуде", - дейді ҰҚК өкілі.

Әмірханов 5 мамырда қамауға алынып, 6 мамырда сот оны қамауға алу мерзімін екі айға ұзартты.

ҰҚК тергеу құпиясын жария ете алмайтынын алға тартып, іс бойынша өзге ақпаратты айтпады.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
1
0
2
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір