RU
Астанада ағзасын ауыстырған 150 адам дәрігердің қарауынсыз қалды
Жаңалықтар Қоғам

Астанада ағзасын ауыстырған 150 адам дәрігердің қарауынсыз қалды

Рассказать Вконтакте

Астанада бауыр, бүйрек, жүрегін ауыстырғандар дәрігердің қарауынсыз қалды. Елордадағы медициналық орталық басшылары трансплантология бөлімін жауып, қызметкерлерін таратып жіберген деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Астанада ағзасын ауыстырған 150 адам дәрігердің қарауынсыз қалды

Астанада ағзасын ауыстырған 150 адам дәрігердің қарауынсыз қалды

Енді 150 науқас кімнен кеңес аларларын білмей шулап жүр. Ал ауыр операциядан шыққан азаматтар үнемі бақылауда болу қажет

Зәмзәгүл Смайылова үш жыл бұрын бүйрегін ауыстырған. Күрделі операция жасатқалы алаңсыз өмірді ұмыттым дейді ол. Үнемі дәрігермен ақылдасып, кеңесіп отыру қажет. Өйткені денсаулығы кез-келген уақытта сыр беруі мүмкін.

"Біздің жалғыз өзіміздің ота жасаған жерімізден барып керекті өзімізге бүкіл кеңестерді, бүкіл өзіміздің денсаулығымызға байланысты нәрселерді алып отырған кісілерден айырылып қалу бізге өте қиын болып тұр. Мына адамдар да бүйрек, бауыр, жүрегін ауыстырған", - дейді Астана қаласының тұрғыны Зәмзәгүл Смайылова.
Астанада ағзасын ауыстырған 150 адам дәрігердің қарауынсыз қалды

Астанада ағзасын ауыстырған 150 адам дәрігердің қарауынсыз қалды

Былтыр күзде операция жасатқан медициналық орталықтағы трансплантолгия бөлімшесі жабылып, содан олар ешкімге керек болмай қалыпты. Жабылған транспланталогия бөлімінің білікті мамандары да жұмыс іздеп, шетел асқан. Қысқартуға түскендердің бірі экс-министр, хирург Жақсылық Досқалиев.

"150 адам қайда барарларын білмей, маған телефон шалады. Мен осы жерде оларды қараймын, консультация жасаймын. Біраз тобын Ақтөбеде бізде орталық бар. Осы жерде оратлық бар. Сол жаққа жіберіп жатырмын. Егерде ұсыныс болса мен ойланамын, бару керек пе. Қара басымның шаруасы емес, 150 адамды әріқарай дұрыс медициналық көмегін, семьясында бақытты өмір сүру. Соны шешу", - дейді Жақсылық Досқалиев.

Трансплантология бөлімшесінің дәрігерлері тарап кеткелі, олардың қарамағындағы науқастардан да береке қашқан. «Қарауынсыз қалдық» деп шулап жүрген азаматтар енді кімнен көмек сұрарларын білмейді. Ал орталықта қызмет еткен ақ халаттылардың айтуынша, клиника үшін күрделі операция жасау тиімсіз болыпты. Бюджеттен бөлінген ақша да жеткіліксіз.

"Былтыр декабрьде осы орталық сатуға қойған болатын. Сатып алатын кісілердің талабы деп айтты. Шығыны көп, күрделі операцияларды қысқарту не азайту", - дейді Жақсылық Досқалиев.

Медициналық орталықтағылар әлі жауап әзірлеуде. Ал Денсаулық сақтау министрлігіндегілер бір бөлімше жабылғаннан, науқастарды жау алмайды деп жайбарақат отыр.

"Астанада «Онкология және трансплантология орталығы бар. Сондағы дәрігерлер де науқастарды қарайды. Алматыда Сызғанов атындағы институт, Ақтөбе мен Шымкентте де орталықтар жұмыс істеп тұр. Сондықтан қиындық жоқ", - дейді Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой.

Жалпы қазір елімізде 2 жарым мың адам бүйрегін ауыстыруға кезекте тұр. 1 мың 700 азаматтың бауырын, 150 адамның жүрегін шұғыл ауыстыру қажет. Ал Астанадағы науқастарды тентіретіп қойған медициналық орталық президенттің ұсынысымен ашылған болатын. Ондағы дәрігерлер осы уақытқа дейін 150 адамның ішкі ағзасын ауыстырып, өмірін сақтап қалды. Және жылдар бойы әрқайсын жеке бақылауда ұстап келген. Сондықтан трансплантология бөлімшесінің қайта ашылуын талап еткен науқастар алған беттерінен қайтпаймыз деп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
2
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel