RU
Отандық кәсіпкер Мәскеудегі қазақ жастарына көмек беріп, ауызашар ұйымдастырды
Жаңалықтар Пресс-релизы

Отандық кәсіпкер Мәскеудегі қазақ жастарына көмек беріп, ауызашар ұйымдастырды

Рассказать Вконтакте

Танымал отандық филантроп және профессор Оралбек Ботбай Мәскеуде білім алып жатқан қазақ студенттеріне ауызашар ұйымдастырды. Бұл туралы «Жас Тұлпар» қазақ студенттері бірлестігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Отандық филонтроп Мәскеудегі қазақ студенттеріне қаржылай көмек беріп, ауызашар ұйымдастырды

Қасиетті рамазан айына тұспа-тұс келіп жатқан қайырымдылық шарасы – есімі елге танымал кәсіпкердің алға қойған мақсаттарының бір парасы ғана. Өткен жылы 50 жасқа толған мерейтойына орай, «50 жасқа – 50 игі іс» акциясын бастап, отандық кәсіпкерлерге үндеу тастаған О.Қожамжарұлы оқу үлгерімі озат, әлеуметтік жағдайы төмен 30 студентке шәкіртақы тағайындаған еді. Биылғы жылы да сол уәдесінен таймай, елден жырақта оқып жатқан қазақ студенттеріне қамқорлық танытты.

Отандық филонтроп Мәскеудегі қазақ студенттеріне қаржылай көмек беріп, ауызашар ұйымдастырды
«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында ұлттық рух пен тарихтың түрленуіне өз үлесімді қоссам» – деген ол, өзі басқарып отырған «Қошқар Ата» қайырымдылық қорының атынан қоғамдық өмірге белсене атсалысып жүрген бір топ Мәскеулік студентке «Қошқар Ата» естелік медалін тағып, қаржылай жәрдем көрсетті.
«Елден арнайы іздеп келіп, мұндай шараны өткізіп отырған қазақ кәсіпкерлері көп емес. Сондықтан Оралбек Қожамжарұлының ізгі шарасына үн қосуды мақсат еткен қазақ студенттері ауызашарға жиналып, белгілі филантроптың еңбегін ескерусіз қалдырмау мақсатында іргетасы 1960 жылы қаланған бірлестік атынан Алғыс хат тапсыруды жөн деп шештік», – деп, сөзін түйіндеді «Жас Тұлпар» қазақ студенттері Төрағасы М.Баймағұлов.

Мәскеу қалалық орталық мешітінде өткен шараға келген Ресей ғылым академиясының докторанты Қ.Дәуітәлиевтің пікірінше, мұндай шаралар – көпке үлгі, өзгеге өнеге болуы тиіс. Ғылым жолын жалғастыруды мақсат еткен ол Мәскеу қалалық орталық мешітінде өткен шараға келген Ресей ғылым академиясының докторанты Қ.Дәуітәлиевтің пікірінше, мұндай шаралар «өзі мұсылман, өзі қазақ баласын бірлікке бастайтын жол». Сөзін Абайдың «Бірлік малға бірлік емес, ақылға бірлік» деген ойымен бастаған ол, Мәскеуде оқып жатқан қазақ жастарының ауызашарға жиылуын және осыған мұрындық болып отырған О.Ботбайды құттықтады. «Мен үшін Қошқар ата медалін алу күтпеген жәйт болды. Әулие-әмбиелеріміз бен ата-бабаларымыз аманат еткен жолды - жолда қалдырмай, қолдай жүретін іскер азаматтарымыз мол болсын» деді.

Отандық филонтроп Мәскеудегі қазақ студенттеріне қаржылай көмек беріп, ауызашар ұйымдастырды

Осы орайда, біз О.Ботбайдың өзімен тікелей тілдесуді жөн санап, қоңырау шалғанымызда, қазір де Ресей астанасында жүргенін айтып, жалпы мұндай қайырымдылық шараларымен айналысу – ата-баба дәстүрі екенін жеткізіп, болашақта да осындай игі істердің басы-қасынан табылу – өмірлік ұстанымы екенін айтты.

Айта кететін жайт, аталған шара барысында екінші жыл қатарынан Мәскеудегі қазақ студенттеріне қолдау танытқаны үшін О.Ботбайға ҚР Мәскеудегі Елшілігі атынан арнайы Алғыс хат тапсырылды.

*PR құқында.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel