RU
Ғалымдар шаң сүртпейтін қыздардың семіріп кететінін айтып, дабыл қақты
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ғалымдар шаң сүртпейтін қыздардың семіріп кететінін айтып, дабыл қақты

Рассказать Вконтакте

Авейро мен Байра Интериор университеттерінде қызмет ететін португал ғалымдар үйді уақытылы тазалап, шаңын сүртіп отырмайтындар семіздікке шалдығуы мүмкін деген тоқтамға келді. Бұл туралы NUR.KZ порталы hronika.info сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Семіздік. Фото: gontovoy-kod.ru

Семіздік. Фото: gontovoy-kod.ru

Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, үй шаңы мен басқа да заттардың құрамында бар химиялық қоспа салмақ қосуға әсер етеді. Сол себепті мамандар үй тазалығына үнемі мән беріп отыру керектігін алға тартты.

Аталмыш химиялық қоспа "обезоген" деп аталады. Ол өзінің тұрпайы атауына қарамастан, индустрияның барлық салаларында өте танымал.

Обезоген тұрмыстық пластикте, пестицид пен тағамдық қоспаларда, киімдерде, тіпті косметикада да қолданылады.

Бұл қоспаның ағзаға жинақталуы адам денесінде майдың көбеюіне әкеліп соғады. Бұл өз кезегінде артық салмақтың жиналуына себеп болады екен.

Зерттеушілер, семіздікке шалдықпау үшін үй тазалығына арналған тұрмыстық химияны мейлінше аз қолданып, денсаулыққа пайдалы тағамдарды ғана тұтынуға кеңес береді. Өз кезегінде пластикті де сирек қолданған жөн.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
2
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel