RU
Айқынға ұл туып берген Жұлдыз Өмірғали "Кешью" тобына қайта оралды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айқынға ұл туып берген Жұлдыз Өмірғали "Кешью" тобына қайта оралды

Рассказать Вконтакте

«Кешью» тобының құрамында тағы да өзгеріс. Атышулы топ құрамынан енді Элизат кетті. Ал оның орнына уақытша Жұлдыз өмірғали келді деп хабарлайды НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жұлдыз Өмірғали "Кешью" тобына қайта келді

Жұлдыз Өмірғали "Кешью" тобына қайта келді

Элизаттың «Кешьюден» кеткені әшкереленді. Бірақ атышулы ұжымда ән салған ару топтағы экс-әріптестерінің қылығын еш қайталамаймын деп сендірген еді.

"Көбісі мысалы контракты бітірмей кетіп жатады. Мысалы, Баян Мақсатқызын көбінесе ренжітіп қояды. Сондықтан басқалардың ізіне кетпей, Баян Мақсатқызының еңбегін ақтап, жазған контракты аяқтап, кім біледі ертең не болатынын. Мен білмеймін ғой. Бірақ ойым сондай...", - деген еді ол бір сұхбатында.

Келісімшарты әлі 3 жылға дейін жарамды Элизаттың, гелзбендтегі жұмысын тоқтатуына не түркі болды?

Берікованың бұл қадамына, махаббат машақаты себеп болуы мүмкін.

Себебі оның топтағы әріпетсі Балжан Бидаш бойжеткеннің басы бос емес екенін айтып қалған болатын.

"Элизат, Элизаттың басы бос емес", - деді ол.

Бірақ «Кешьюдің» жұмысы тоқтаған жоқ. Үштікке Жұлдыз қайта оралды.

Ұзынқұлақтан естуімізше, Өмірғали ұжымда уақытша өнер көрсетеді. Бүгінде Баян басқаратын орталық, Балжан мен Назымның жанына жас қыздарды іріктеп, «Кешьюдің» жаңа құрамын жасақтамақ көрінеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
2
1
1
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір