RU

Астанада дауылдан кейін қар жауып, тұрғындарды әбігерге салды (видео)

Бүгін Астанада күн жылы болып тұрғанына қарамастан, қар жауып, тұрғындардың таңданысын тудырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қар. Көрнекі фото: belsat.eu
Қар. Көрнекі фото: belsat.eu: UGC

Термометр +10-+11 градусты көрсетіп тұрғанына қарамастан, қалада қар жауып кеткен.

"Астанада ауа райы ақылынан адасты - жаз келіп қалғанда, қар жауып жатыр", "Тағы бір дауыл бола ма деп қорқамын, біріншісінен есімізді әлі жинай алмай отырмыз", - дейді қалалықтар.

Сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қалада тағы бір дауыл болады деп күтілуде. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетпек. Бұл туралы ескертуді астаналықтар SMS хабарлама арқылы кеше алып қойған.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733267-astanada-dauyldan-kejin-kar-zauyp-trgyndardy-bigerge-saldy-video.html