RU
Өмір үшін күресті: Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған сәби көз жұмды
Жаңалықтар Қоғам

Өмір үшін күресті: Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған сәби көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған нәресте жансақтау бөлімінде көз жұмды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған сәби көз жұмды

Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған сәби көз жұмды

Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Игорь Белобржицкийдің сөзінше, нәресте бүгін таңертең бақилық болған.

Денесіне әбден суық өтіп кеткен сәбидің жүрегі жансақтау бөлімінде тоқтапты.

"Дәрігерлер оның өмірін құтқарып қалуға барын салды. Оқиғаның осылай аяқталғаны өкінішті", - деді аурухананың бас дәрігері.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін полицейлердің қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбиді алып шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
2
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір