RU

Алматыдағы бизнес-орталық "бомба бар" деген күдікпен қоршауға алынды (фото)

Алматының Абай-Байтұрсынов көшелері қиылысында орналасқан бизнес-орталық қоршауға алынды. Орталықта жарылғыш зат бар деген күдікпен ондағы адамдар қауіпсіз жерге шығарылған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: nur.kz
Фото: nur.kz: UGC

Құқық қорғау органдары орталықтың қоршауға алынғаны туралы ақпаратты растап отыр.

Полицияның хабарлауынша, ғимараттағы барлық адам қауіпсіз жерге шығарылған.

Бизнес-орталықты жедел қызмет өкілдері тінтіп жатыр. Онда саперлер жұмыс істеуде.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733273-almatydagy-biznes-ortalyk-bomba-bar-degen-kdikpen-korsauga-alyndy-foto.html