RU
Қазгидромет Астанадағы дауыл туралы не үшін ескертпегенін түсіндірді
Жаңалықтар Қоғам

Қазгидромет Астанадағы дауыл туралы не үшін ескертпегенін түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Елордаға 22 мамыр күніне берілген болжам шын мәнісінде орын алған ауа-райына сай келмеді. Күні кеше Астанада қатты дауыл соғып, бірталай ғимараттар зардап шекті. Осыған орай, Казгидромет жел соғатынын не себепті алдын ала ескертілмегенін түсіндіріп өтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Казгидромет Астанадағы дауылдың не себепті алдын ала ескертілмегеннін айтты

Казгидромет Астанадағы дауылдың не себепті алдын ала ескертілмегеннін айтты

Мамандардың айтуынша, ғимараттарды қиратып кеткен дауыл бір шеңбер жүзінде ғана болғандықтан, оны алдын ала анықтау өте қиынға түседі.

"Желдің соғуы жылы және салқын әуе массаларының соқтығысуы нәтижесінде күшейе түсті. Бар-жоғы 30 минут ішінде ауа температурасы да 25-тен 16 градусқа дейін төмендеп кеткені де содан болған", - деп мәлімдеді Казгидромет.

Метеоорталық өкілдері мұндай дауылдар аяқ асты әрі қысқа уақыт желісінде, тек қана белгілі бір шеңбер аясында ғана пайда болатынын жеткізді. Соған орай, оларды алдын ала болжау қиындық туғызған.

"Алдағы уақытта орталық заманауи метеорлық радарларды сатып алып, оларды қолданысқа енгізу қарастырылып жатыр. Жақын арада ел аумағын дауылды екі-үш сағат бұрын болжайтын 25 радармен қамту жоспарда бар", - деп айтты мамандар.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
5
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel