RU

Мейрамбек Бесбаев досының ұлына айрықша сыйлық жасады

Екінші некедегі жарынан ұлды болған Рахман Омар баласына Бесбаевқа ұқсасын деген ниетпен "Мейрамбек" деп есім берді. Әнші өкіл баласын перзентханадан өзі шығарып алды. Қазақтың қоңыр үнді әншісі актердің баласына ерекше сыйлық жасады деп хабарлайды "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мейрамбек Бесбаев. Фото: DAR Play
Мейрамбек Бесбаев. Фото: DAR Play: UGC

Бесбаевтың айтуынша, баланың ата-анасы ырымдаған соң, әнші де бұл әрекетке сай болуға тырысқан.

"Баланы перзентханадан өзің шығаршы", "Баланы өз көлігіңмен алып шықшы" деп Рахман Омар елпілдеп жүр. Сонымен Мархабат екеуміз кіндік әке-шешесі болып сайландық. Біз де қуаныштымыз. "Ақыры мендей болсын десеңдер, менен де асып кетсін" деп өзім жатқан бесікті бердім. Ол жігіттің де жақсылығын көрейік, ғұмыры ұзақ болсын", - деді Мейрамбек Бесбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733276-mejrambek-besbaev-dosyny-lyna-ajryksa-syjlyk-zasady.html