Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал бренд образдарын қайталаған қара нәсілді қыз көпті тәнті етті

Опубликовано:

Лос-Анджелесте жұмыс істейтін либериялық ару бірбеткейлі сән әлемін өзінің ерекше жобасымен толықтырып, жаңашылдық енгізгісі келді. Қара нәсілді ару өзі ойлап тапқан "қара айна" атты жаңа жобасында әйгілі брендтердің жарнамалық суреттерін қайта жандандырған деп хабарлайды bigpicture.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Дедде Ховард модельдік мансабында үнемі бір проблемаға тап болған. Ол жүгінген агенттіктердің барлығы құрамдарында қара нәсілді ару бар деп жас қыздың арманының орындалуына мүмкіндік бермеді.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC
"Көпшілік қара нәсіл десе бәрі бір-біріне ұқсайды деп ойлайды. Біздің өз арамызда да бір-бірімізден ерекшелеп тұрар тұстарымыз бен қырларымыз жеткілікті. Бәрімізді бір масса қатарына жатқыза салу қате пікір", - деп айтты ол.
Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Осыған орай, мен әйгілі ақ нәсілді модельдердің танымал суреттерін қайталап, агенттіктерге бұл фотосессиялар қара нәсілділердің де қолынан келер дүние екенін дәлелдегісі келген.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Оған қоса, қара нәсілділердің бірнеше образдарға бейімделе алатындарын да ерекшелеп көрсету Дедденің басты мақсаты болса керек.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Көпшілік қыздың асқан батылдығы мен қайсарлығына тәнті болды. Сонымен қатар, сән әлемінің сыншылары жас модельдің кәсібилігін де жоғары бағалаған.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC
"Тамаша, тіпті түпнұсқадан асып түстің. Тек қана алға баса бер", - деген пікір білдірді оқырмандар.
Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1733283-tanymal-brend-obrazdaryn-kajtalagan-kara-nsildi-kyz-kpti-tnti-etti/

pixel