RU

Қазақ жігіті әйгілі Стивен Хокингтің жерлеуіне қатысатын болды

Қостанайлық жігіт жерлеу рәсімінің қатысу билетіне ие болды деп хабарлайды kstnews.kz cайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Диас Нұркин. Фото: kstnews.kz
Диас Нұркин. Фото: kstnews.kz: UGC

Әлемде мұндай мүмкіндікке ие болғандар саны мыңға жуықтайды.

Еске салсақ, ғалымның жерлеу рәсіміне конкурс арқылы қатысуға болатыны жайлы алдында хабарланған болатын. 15 мамырға дейін кез келген адам шақырту алу үшін сұранысты толтыруға мүмкіндігі бар.

Қостанайлық Диас Нұркин тиісті сұранысты толтырып, жақында шақыртуын алды. Бірақ жерлеу рәсіміне бару-бармауы белгісіз. Бүгінде Диас Халықаралық Кипр университетінің 1 курсын аяқтағалы жатыр.

Стивен Хокинг - ағылшын физик-теоретигі. Хокингтің негізгі зерттеулері - космология мен кванттық гравитацияға арналған. Ол 2018 жылдың 14 наурызында өзінің Кембридждегі үйінде қайтыс болды. Ғалым Вестминстер аббатында атақты Чарльз Дарвин мен Исаак Ньютонның қасына, 15 маусым күні жерленетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733297-kazak-zigiti-jgili-stiven-hokingti-zerleuine-katysatyn-boldy.html