RU

Кездесіп көр: Желідегі мінсіз арулар шынайы өмірде мүлде басқа болып шықты

Технология дамыған заманда түрлі сурет өңдеу қосымшалары да пайда бола бастады. Олар адам түрін танымастай қылып өзгертіп тастауға қауқарлы. Соның салдарынан желіде ғашық болған қызын шынайы өмірде көрген жігіттердің көп жағдайда өкініп жататыны да заңдылық деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде кез келген адам өзін тек сұлу қыры жағынан ғана танытқысы келетіні анық. Алайда, бет-әлпетті өзгертер де шеттен тыс шықпау керек. Себебі, оның салдары адам үшін жаман болып аяқталуы мүмкін.

Интернетте хас сұлу болған бойжеткен шынайы кездесуге келгенде оны танымай қалып жататын оқиғалар да орын алып жатады.

Қытайлық бір топ желі қолданушылар әлеуметтік желідегі суреттері күмән білдіретін адамдарға тексеріс жүргізді. Оның барысында жастар мінсіз мүсінді аруларды кездесуге шақыру арқылы шын өмірдегі бейнесін анықтамақ болды.

Жас зерттеушілердің алған нәтижелері мына суреттегідей болып шықты. Белгілі болғандай, фотошопты әсірелеп қолдану көпшілік қыздар арасында үлкен қолданыс тапқан.

Қытайлық жастардың айтуынша, бойжеткендер суреттерін өңдеу арқылы талай ер адамдарды ғана емес, өз-өздерін алдап жүр. Бет-әлпетін өзгерткісі келсе, тиісті процедуралар жасаған артық дейді олар.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Сондай-ақ фотошопты кәсіби қолдану тек әйелдер арасында ғана емес, еркектер қауымы ішінде де қолданыс тапқан.

Өздері жүргізген зерттеуге байланысты желі қолданушылар үлкен проблема көтерді. Жастардың қарапайым болу туралы үндеуі талайдың жүргеіне жетіп, көпшілік өздерінің өңделген және шынайы суреттерін салыстырмалы түрде жүктеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733298-kezdesip-kr-zelidegi-minsiz-arular-synajy-mirde-mlde-baska-bolyp-sykty.html