RU
Дариға Назарбаева: Мен де зейнет жасына жақындап қалдым
Жаңалықтар Саясат және экономика

Дариға Назарбаева: Мен де зейнет жасына жақындап қалдым

Рассказать Вконтакте

Алматыда өтіп жатқан Еуразиялық медиа форумның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Дариға Назарбаева зейнет жасына жақындап қалғанын мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Дариға Назарбаева

Дариға Назарбаева. Фото: NUR.KZ

Медиафорумның Рамазан айында өтіп жатқанына баса назар аударған Назарбаева бұл күндері қайырымдылыққа ерекше мән беру керектігін алға тартты.

"16 жыл бұрын Алматыда алғашқы медиафорумды аштық... Содан бері біздің елімізде, әлемде қанша нәрсе өзгерді.
Сол кезде дүниеге келген балалар бүгін жоғары сыныптарда оқып жатыр. Сол кезде 50 жылдық мерейтойын тойлағандар бүгінде зейнеткерлер. Мен де зейнет жасына жақындап қалдым", - деді Дариға Назарбаева.

Сенат депутаты ақпарат ғасырында дүниеге келген бүгінгі балалардың артықшылықтарын тізбектеп, олардың кез келген жаңа ақпараттық құрылғыларды тез меңгеріп жатқанына таңданысын білдірді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
13
0
1
2
1
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір