RU
Астана тұрғыны желге ұшып кетпес үшін көлігіне жармасып алған (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Астана тұрғыны желге ұшып кетпес үшін көлігіне жармасып алған (видео)

Рассказать Вконтакте

Астаналық азамат қатты желден ұшып кетпес үшін көлігіне жармасып, есігінен ұстап алған. Ғимарат ішінде отырған куәгер оны видеоға түсіріп алыпты деп жазады NUR.KZ.

Бейнежазба авторы видео кейіпкерін Бауыржан деп атап, оның желге ұшып кетпес үшін көлікке жармасып тұрғанын айтқан. Ал тағы бір азамат көлігін ұшып жүрген қоқыс жәшігінен қорғап қалды.

22 мамыр күні көптеген тұрғын Астанадағы шаңды дауылдан қирап жатқан ғимараттарды видеоға түсірген болатын.

Еске салсақ, Астанада кеше түскі уақытта ауа райы күрт өзгеріп, алапат дауыл санаулы минуттардың ішінде елорданы орап әкеткен. Күшті жел Пирамиданың витражды терезелерін қиратып, кранды құлатқан.

NUR.KZ порталының WhatsApp нөмірі: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
3
1
2
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel