RU
Оралда әткеншектен құлап кеткен балақай ауыр жарақат алды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Оралда әткеншектен құлап кеткен балақай ауыр жарақат алды

Рассказать Вконтакте

Орал қаласында әткеншекте отырған бала ауыр бас жарақатын алды деп хабарлайды mgorod.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Емхана. Фото: Мой Город

Емхана. Фото: Мой Город

Төтенше оқиға Зачаганск елдімекеніндегі үйлердің бірінде болған. Жеті жасар бала ауладағы балалар ойнайтын алаңда әткеншектен құлап, ауыр бас жарақатын алды. Оқиға орын алған жерге жедел жәрдем көлігі шақырылған.

"2009 жылы дүниеге келген бала әткеншекте құлап, басынан соққы алған. Дәрігерлер баланың ашық бас сүйек-ми жарақатын алғанын анықтады", - дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілі.

Зардап шеккен балаға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Бала қалалық көпсалалы аурухананың нейрохирургия бөліміне ауыстырылған.

Айта кетсек, бұл осындай ауыр жарақаттар әкелген бірінші жағдай емес. 21 мамыр күні Подстепное елдімекенінде төрт жасар бала әткеншекте ойнаймын деп құрсақ қуысының жарақатын алған болатын.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
2
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel