RU
Елордалық әкім эскалаторға аяғы қысылып қалған қыздың анасына шүйлікті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Елордалық әкім эскалаторға аяғы қысылып қалған қыздың анасына шүйлікті (фото)

Рассказать Вконтакте

Астанадағы сауда үйіндегі эскалаторға аяғы қысылып қалған кішкентай қыздың оқиғасы бүгінде жиі талқыға түсіп жатқаны белгілі. Алайда бұл оқиғаға қатысты пікір білдірген елордадағы "Сарыарқа" ауданының әкімі Арман Тұрлыбек қыздың қазіргі жағдайы туралы айта келе, оның анасына шүйлікті деп хабарлайды NUR.KZ.

Елордалық әкім эскалаторға аяғы қысылып қалған қыздың анасына шүйлікті (фото)

Коллаж: NUR.KZ.

Әкімнің айтуынша, қазіргі таңда қыздың жағдайы бірқалыпты.

"Мұндай жағдайда қыздың анасы қайда қараған деген заңды сұрақ туады. Себебі эскалаторға мінгенде кішкентай балаларды көтеріп немесе қолынан ұстап тұру керек қой. Телефондарыңды қойып, балаларыңа қараңдар. Олар сендердің болашақтарың ғой және әзірге сендердің қолдарыңда", - деді ол.
Елордалық әкім эскалаторға аяғы қысылып қалған қыздың анасына шүйлікті (фото)

Елордалық әкім эскалаторға аяғы қысылып қалған қыздың анасына шүйлікті (фото)

Сонымен бірге Арман Тұрлыбек эскалаторда апаттық тоқтату батырмасы болуы керек екенін еске салды. Ал ондай батырма болмаған жағдайда бейнабақылау орнатылып, оператор-диспетчерлер эскалатордағы әрбір жайтты жіті бақылап отыруы керек екенін ескертті. Қажет кезде олар эскалаторды бірден тоқтататын да айтты.

Оның айтуынша, аталған жайт бойынша тергеу жүргізіп, материалдарды құзырлы органға табыстау керектігін жеткізді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
4
1
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір