RU
Роналду өзінің бас қарсыласы Мессиден oзып кетті
Жаңалықтар Әлемде

Роналду өзінің бас қарсыласы Мессиден oзып кетті

Рассказать Вконтакте

Америкалық спорттық арна әлемнің ең танымал спортшылардың жүздігін жасап шығарды. Атаулы тізімде бірінші орынды мадридтік "Реал" шабуылшысы Криштиану Роналду бірінші орынды қанжыласа, Месси үшінші орынға жайғасқан деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Роналду өзінің бас қарсыласы Мессиден озып кетті

Роналду өзінің бас қарсыласы Мессиден озып кетті

Әлемнің ең танымал спортсмендері тізімінің үштігіне бірінші орынды алған Роналдудан басқа, Леброн Джеймс пен Лионель Месси кірген. Баскетболшы бұл тізімде екінші болса, үшінші орын аргентиналық жұлдыз еншісіне бұйырды.

Төртінші орынды "ПСЖ" футболшысы Неймар, ал бесінші болып теннис саласының майталманы Роджер Федерер келе жатыр.

Күллі әлемді мойындатып асқан танымалдылыққа ие болғандардың ондығына Тайгер Вудс, Кевин Дюрант, Рафаель Надаль, Стефан Карри және Фил Никельсон кірді.

Америкалық спорттық арна белгілеген тізімнен қазақстандық Геннадий Головкин де бой көрсетті. Отандық боксер 61-ші орынға ие болған.

Көршілес Ресейдің жалғыз өкілі 21-ші орынды қанжылаған Мария Шарапова болып шықты.

Спортшылардың танымалдылығы олардың әлеуметтік желідегі оқырмандары мен табыстарына нақты сандары есебінен анықталған. Және де ең танымал спортшылар тізімін жасарда, олардың есімдерінің желіде іздестірілу жиілігі де негізге алынды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір