RU
Талдықорғанда лауазымды шендінің сегізінші баласы дүниеге келді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Талдықорғанда лауазымды шендінің сегізінші баласы дүниеге келді (фото)

Рассказать Вконтакте

Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Мәрлен Көлбаевтың жары сегізінші сәбиін дүниеге әкелді. Сүйінші хабарды танымал журналист Бейсен Құранбек өзінің желідегі парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Талдықорғанда әкім орынбасарының сегізінші баласы дүниеге келді

Фото: Бейсен Құранбектің Facebook парақшасынан алынды

"Жеті баласы барды батыр ана, батыр әке дейміз. Ал сегізінші баласы дүниеге келгендерді кім деп атаймыз? Жетісудан жақсы жаңалық жетті. Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Мәрлен Көлбаев бауырымыздың үйіндегі Сәуле келін сегізінші сәбиін дүниеге әкеліпті. Кішкентайдың бауы берік болсын, Мәке!

Жетінші бала өмір есігін ашқанда Жұматай құрдасыңыз "алтын шыққан жерді белден қаз" деп тілек айтып еді ғой. Сол тілекке қосыламыз

Тоғызыншыда тоқтамай, оныншыда ойланбай, бала санын 11-ге жеткізіңіздер. Бір футбол командасын жасақтап алған соң, одан кейінгісін өздеріңіз көре жатарсыздар", - деп тілек айтты журналист.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
1
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel