RU
Ленинге тақия кигізіп қойғандар күлкіге қалды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Ленинге тақия кигізіп қойғандар күлкіге қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Степногорск тұрғыны Ленинді Абайға айналдырмақ болған қалашық тұрғындарын сынап, видеоға түсіріп алды. Алайда бұл видео желіге тарап, көпшілік арасында шу тудырып үлгерді деп жазады ernur.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеоны түсірген азамат бұл ескерткіштің Ақмола облысы Степногорск қаласындағы №5 мектеп ауласында түсірілгенін де жасырмай жайып салды.

"Мұнда бұрын Лениннің ескерткіші тұратын. Енді қараңдар, Лениннің басына тақия кигізіп "Абай Құнанбаев" деп қоя салған", - дейді кадр сыртындағы дауыс.

Видеоны көрген желі қолданушылары "Ленинге тақия кигізгенмен Абай болмайды!" деп ашуланса, енді бірі "Абайдың ескерткішіне бөлінген ақшаны жеп қойғасын, осылай орнын толтырған шығар" деп топшылады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір