RU
Баласын қинап өлтірмек болған қатыгез ана оны шкафқа қамап тастаған
Жаңалықтар Әлемде

Баласын қинап өлтірмек болған қатыгез ана оны шкафқа қамап тастаған

Рассказать Вконтакте

Америкадағы Мичиган штатының тұрғыны Меган Шуг өзінің төрт жасар баласын бірнеше күн бойы шкафқа қамап ұстады. Туған баласын өлтірмекші болған 24 жастағы әйел 50 жылға бас бостандығынан айырылған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

2017 жылдың наурызында Меган Шуг жергілікті ауруханаға өзінің төрт жасар баласын алып келген. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы аса ауыр болды. Тіпті аяғында бір саусағының жоқтығы анықталған.

"Балақай әрең тыныс алып тұрды, жағдайы төмен болды. Оның аман қалуына сенімсіздік білдіртіп, күмәнданғанымыз бар", - деп айтты мамандар.
Фото: life.ru

Фото: life.ru

Оқиғаға қатысты қозғалған сот ісі кезінде Меган өз қателігін толығымен мойындады. Алайда, баласын шкафқа тығып қоюға әйелді сүйіктісінің балаларға деген қатыгездігі себеп болғанын айтты. 24 жастағы ана өз әрекетін баласын жауыздан қорғап қалмақ болуымен түсіндірді.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

38 жастағы Исаак Миллер балаларға бірнеше мәрте қол көтеріп, аяусыз соққы астына алып тұрған. Енді ер адам да істі болып жатыр.

Сот үкімін шығарған кезде сүдья 24 жастағы Меганнан асқан жауыз ананы көрмегенін айтып, мұндай оқиға оның тәжірибесінде алғаш рет болғанын айтты.

"Сіз балаңызды қасақана қинап өлтіргіңіз келді. Тез арада құтылғысы келетін адам бірден өлтіре салады адамды. Сіз болсаңыз керісінше айлап қамауда ұстап қинаудан ләззат алатын көрінесіз", - деп қорытындылады сот төрелігі.

Қазіргі таңда төрт жасар балақай өзін асырап алмақ болып жатқан ата-анасының қасында, жағдайы қалпына келген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
2
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel