RU
Шалқарда танымал жұлдыздар жатқан қонақ үйді полицияға күзеттіріп қойды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Шалқарда танымал жұлдыздар жатқан қонақ үйді полицияға күзеттіріп қойды (фото)

Рассказать Вконтакте

Атышулы Шалқар өңіріне эстрада жұлдыздары келіп жетті. Қазір жұлдыздар жатқан ауданындағы ең әдемі қонақ үйді бірнеше көлікпен полиция қызметкерлері күзетіп тұр деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Өңірге келген танымал әншілерді аудан әкімінің өзі күтіп алған. Пойыздан түскен эстрада жұлдыздарының алдынан шашу шашылып, әннен жыр төгілді.

Тәртіп сақшылары кімді күзетіп тұрғандарын жасырса да, жұмыста жүргендерін айтады.

Ал "Сұңқар" қонақ үйінің қызметкеріне әншілерден сұқбат алғымыз келетінін жеткізген едік. Жоғарыға барып қайтқан қызметшіге әншілер демалып жатқандарын, тілдесе алмайтындарын айтып жіберген.

Фото: Мерйрамбек Беспаевтың парақшасынан алынды

Фото: Мерйрамбек Беспаевтың парақшасынан алынды

Еске сала кетейік, бүгін Ақтөбе облысы Шалқар ауданында дүбірлі той. Өңірде "Шұғыла шалқарым" атты республикалық жерлестер форумы ұйымдастырылып жатыр.

Бұл шарада "МузАрт", Қайрат Нұртас, Роза Рымбаева бастаған эстрада жұлдыздары концерт қояды деп күтілуде. Алайда бұны естіген жергілікті халық концерттің бейттің қасында өтейін деп жатқанын айтып, наразылығын білдірген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
29
6
4
0
0
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір