RU
Әйелімен ажырасқан ер адам өзін гранатамен жарып жіберді
Жаңалықтар Әлемде

Әйелімен ажырасқан ер адам өзін гранатамен жарып жіберді

Рассказать Вконтакте

Укаринаның Сумск облысындағы ауылдардың бірінде граната жарылып, ер адам бұрынғы әйелінің көз алдында қайтыс болды деп хабарлайды asn.in.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото. Граната.

Көрнекі фото. Граната.

Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, 35 жастағы ер адам бұрынғы әйелінің көзінше өзін жарып жіберген.

Олар ажырасып кеткеніне төрт жыл болғанына қарамастан, арадағы екі баласына бола ара-қатынастарын суытпаған екен.

"Сол күні ер адам бұрынғы әйелін қоштасу үшін үйіне жақын жердегі орман алқабына шақырады. Әйелі келгесін оның қолында граната барын байқайды. Бастапқыда бір қолынан бір қолына гранатаны лақтырып тұрған ол жарылғыш затты жерге түсіріп алады. Нәтижесінде жарылған гранатаны денесімен жауып қалып, мерт болды. Ал әйелге еш зақым келмеген", - дейді полиция қызметкерлері.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
4
4
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір