RU
Самал Еслямова: Қазақ қызы болғандықтан, ашық-шашық кадрларды ұнатпаймын
Жаңалықтар Қоғам

Самал Еслямова: Қазақ қызы болғандықтан, ашық-шашық кадрларды ұнатпаймын

Рассказать Вконтакте

Режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмінде басты рөлді сомдап, 71-ші Канн фестивалінде «ең үздік әйел рөлі» номинациясын иеленген Самал Еслямова өзінің қазақ тіліне деген сүйіспеншілігі туралы айта келе, ашық-шашық кадрлерге түсуге қатысты өз пікірін білдірді деп хабарлайды arasha.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Канн фестивалінде үздік деп танылған қазақ актрисасы

Канн фестивалінде үздік деп танылған қазақ актрисасы

"Еліме, халқыма ризашылығымды білдіремін. Бірнеше күннен бері толассыз құттықтаулар түсіп жатыр. Халқымның ықыласын сезіп жатырмын, мың да бір рахмет, - деп сөз бастаған Самал Еслямова Астанада өз өмірі және кино жайлы журналисттерге қысқаша айтып берді.

"Мен өзім Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Аққайың ауданындағы Аралағаш ауылында тудым. 11 жыл бойы қазақ мектебінде білім алдым. Анам орыс тілді болғандықтан, мені орыс мектебіне бергісі келді. Бірақ мен алты жаста болсам да, қазақ мектебіне барамын деп бой бермедім. Әкем «өзім көмектесемін, қазақ мектебіне бара берсін» деді. Мектепті тәмамдаған соң Петропавлдағы өнер колледжіне оқуға түстім. Оқып жүріп, қазақ театрында қосымша жұмыс істедім", - дейді актриса.

Самалдың айтуынша, ол қазақ қызы болғандықтан ашық-шашық киінуді талап ететін фильмдерді ұнатпайды.

"Развод Надера и Симин" атты ирандық фильм қатты ұнайды. Менің де әр рөлін сүйіп тамашалайтын сүйікті актерлерім бар.

Әрине, мен қазақ қызымын. Өзім де ашық-шашық киініп жүретін фильмдерді ұнатпаймын. Алайда егер фильмнің шынайы шыққанын қаласаң, образды алып шығу керек болса, шектен шықпай ойнап шығуың керек", - деп жауап берді актриса.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
38
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel