RU
Ауа райы: Елімізде алдағы күндері жаңбыр жауып, дауыл тұрады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Елімізде алдағы күндері жаңбыр жауып, дауыл тұрады

Рассказать Вконтакте

"Қазгидромет" РМК мамырдың 24-26 аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: Orbita.dn.ua

Иллюстрациялық фото: Orbita.dn.ua

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің көптеген облысында жаңбыр, найзағай және желдің дауылды күшеюі күтіледі.

"Қазақстанның солтүстік облыстарында кеше ғана жауын-шашын туындатқан суық арктикалық фронттар шығыс бағытында жылжып келеді. Алдағы тәуліктерде елдің оңтүстік-шығысы мен шығысында жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді", - дейді мамандар.

Сонымен қатар қалған аймақтың ауа райына Поволжьядан келетін антициклон ықпал етеді екен.

"Оның ықпалы қысқа мерзімді болады, себебі Баренцев теңізінің үстінде кезекті арктикалық фронттар қалыптасуда, ол 25 мамырда күндіз солтүстік облыстарға жетіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыс бағытта жылжи бастайды. Осыған байланысты тек оңтүстікте және 25-26 мамырда республиканың оңтүстік-шығысында басымырақ жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Қазақстанның қалған аумағына жаңбыр жауып, найзағай жарқырап, желдің дауылды күшеюі күтіледі", - дейді синоптиктер.

24 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында дауылдық ескерту жарияланды.

"Оңтүстік-батыс, батыс желінің күші скундына 15-20 метр, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метр күтіледі. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы ықтимал. Петропавловск қаласында 24 мамырда секундына 15-20, 25 метр болатын оңтүстік-батыс, батыс жел күтілуде. Күндіз найзағай жарқылдап, бұршақ түсуі мүмкін", - дейді "Қазгидромет" РМК өкілдері.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel