RU
Шымкентте бала туамын деп ауыр халге душар болған әйел көз жұмды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте бала туамын деп ауыр халге душар болған әйел көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте 30 жастағы келіншек №1 облыстық перинаталдық орталықта баласын аман босанып, жатыры дұрыс тазаланбағандықтан көз жұмды. Гүлжайна Байбосынованың туыстары оның күтімі болмай, миына қан кеткенін айтуда. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Гүлжайна Байбосынова. Фото: КТК арнасынан

Гүлжайна Байбосынова. Фото: КТК арнасынан

Гүлжайнаның зәрінде ақуыз көп болған соң өзі тұратын Сарыағаш ауылынан облыстық перинаталдық орталыққа жіберген. Мұнда келіншекті жасанды екпелермен босандырған. Бірақ жатырдағы серігі жөнді тазаланбапты.

"УЗИ түсіргенде дұрыс тазаланбаған депті. Жөнді тазаланбағасын ол температура болып, давлениессі көтеріледі екен. Ал, екінші кінәләрі қанды мөлшерінен көп құйған. Және түнде құйған врачтар. Ол күні дежурный болмаған дейді больницада. Таңға дейін қараусыз қалған", - дейді Гүлжайнаның әпкесі Айнагүл Байбосынова.

Қан қысымы көтеріліп, гемоглобині тым түсіп кеткен соң қосымша қан құйған. Алайда, қанды мөлшерінен тым көп құйып, ал Гүлжайнаның өзі таңға дейін қараусыз қалған көрінеді. Салдарынан миына қан құйылған әйел бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатып қайтыс болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
3
22
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel