RU
Ақмола облысында екі аптадан бері жоғалған студент табылмай жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Ақмола облысында екі аптадан бері жоғалған студент табылмай жатыр

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысындағы Щучинск тұрғыны, 16 жастағы қыз екі аптадан бері табылмай жатыр. Ол 9 мамырдан бері не сабағына, не үйіне бармаған деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: dpchas.com

Көрнекі фото: dpchas.com

Бурабай аудандық ішкі істер бөліміне 2001 жылы туылған Карина Қаппасованың анасы келіп, қызын таба алмай жатқананын мәлім еткен. Әйелдің айтуынша, жоғалған ару туризм және қызмет колледжінің студенті.

Полиция қызметкерлері берген мәліметке сәйкес, Карина тұратын отбасының жағдайы жақсы әрі үйде одан басқа да балалар да бар екен. Ол үйден шығарда сөмексін алып кеткеніне қарап, туыстары оқуға жиналды деп ойлаған.

Қазір студентті іздеуге еріктілер де кіріскен.

Колледждегілер Каринаны Көкшетауға кетіп қалуы мүмкін деп отыр. Себебі осыған дейін де ол үйінен кетіп қалған жағдайлар орын алған көрінеді. Қыздың анасы 21 мамыр күні Карина әлеуметтік желіде көрінбей кеткен соң іздеуге кіріскен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір