RU

Павлодарда қатты желден 11 жасар бала ұшып кетіп, өзенге бір-ақ құлаған

Павлодарда баланы қатты жел ұшырып, Усолка өзеніне құлатқан деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігінне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Павлодар онлайн
Фото: Павлодар онлайн: UGC

Облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті мәліметінше, оқиға 22 мамыр күні кешке Усолка өзеніндегі "Дельфин" құтқару станциясына жақын жерде болған.

Бір топ бала өзен жағасында жүргенде, 11 жастағы ер баланы жел ұшырып, өзенге құлатады. Қалған балалар қорқып, қаша бастаған екен.

Абырой болғанда жақын маңда болған құтқарушылар баланы тез судан шығарып, станцияға жеткізген.

Сол жерде оны жылытып, ата-анасын шақыртқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733430-pavlodarda-katty-zelden-11-zasar-bala-syp-ketip-zenge-bir-ak-klagan.html