RU
Данияр Кесікбаевтің қайын атасының үйінен 30 млн доллар табылды
Жаңалықтар Әлемде

Данияр Кесікбаевтің қайын атасының үйінен 30 млн доллар табылды

Рассказать Вконтакте

Малайзияның экс-премьері Наджиб Разактың резиденциясынан 30 миллион доллар көмлеміндегі қомақты қаржы табылды. Қаражат үкімет жаңа басшысының арнайы тапсырмасы бойынша жүргізілген тергеу жұмыстары барысында анықталған деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ria.ru

Фото: ria.ru

Үкіметтің жаңа басшысы мемлекеттік инвестициялық қорда ауқымды сомма жетіспейтінін айтып, бұл оқиғаға қатысты жедел тергеу жұмыстарын жүргізуге бұйрық берген.

Тергеу амалдары өз нәтижесін беріп, жоғалған қомақты қаражат экс-премьер үйінен табылды. Іші толған ақша сөмкелерден бөлек, бұрынғы шендінің шаңырағында түрлі қымбат әшекейлер мен алқалар да анықталды. Олардың барлығын алып шығару үшін бақандай бес жүк көлік қажет болған.

Енді Данияр Кесікбаевтің беделді қайын атасы мен оның қасында жүрген адамдары жемқорлыққа қатысты айыпталып, тиісті жазаларын алу ғана күтіп тұр.

Наджиб Разактың өзі іске қатысты өз мағлұматтарын 23 мамыр күні беріп үлгерді. Оған қоса, саясаткердің сыбайластары деп танылған тағы екі адам да тергеуші алдында жауап беруі керек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір