RU
Жұмысына берілген полицей жаңбырда жалаңаяқ тұрып қызмет еткен (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Жұмысына берілген полицей жаңбырда жалаңаяқ тұрып қызмет еткен (видео)

Рассказать Вконтакте

Қытайдағы Ченду қаласында көлік жүргізушілері қызықты оқиғаға тап болды. Жол ортасында бағыт-бағдар көрсетіп тұрған тәртіп сақшысы қатты жаңбыр астында жалаңаяқ тұрған. Қолайсыз ауа-райында аяқ киімсіз қызмет етіп тұрған полицейдің өжеттілігіне көпшілік тәнті болды деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Twitter.com

Фото: Twitter.com

Оқиға 21 мамыр күні Ченду қаласының орталық көшелерінің бірінде орын алған. Қатты жауып тұрған нөсерге қарамастан тәртіп сақшысы жалаңаяқ тұрып, өз жұмысын жалғастыра берді.

Белгілі болғандай, ол жаңбыр салдарынан су болып қалған аяқ киімін шешіп қоюға мәжбүр болған. Алайда, ауа райы қолайсыздығы қызметіне адал полицейге кедергі бола қоймады.

Ештеңеге қарамастан, жұмысын жалғастырған тәртіп сақшысының қайтпас қайсарлығына көпшілік тәнті болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір