RU
Әйелдер бақытты болу үшін төсін қандай мөлшерге дейін үлкейткенді жөн санайды?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Әйелдер бақытты болу үшін төсін қандай мөлшерге дейін үлкейткенді жөн санайды?

Рассказать Вконтакте

Әлемнің ең үздік пластикалық хирургтары біріге отырып әйелдер қауымы арасындағы сұранысқа ие омырау мөлшерін анықтамақ болды. Бұл мәселеге қатысты олар арнайы ауқымды сауалнама жүргізген болатын деп хабарлайды Дни.ру-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: dvezhizni.ru

фото: dvezhizni.ru

Пластикалық хирургтар жүргіхген сауалнама кезінде, арулар өз төсінің мөлшері мен оған қатысты өз пікірін білдіріп, болашақта қандай мөлшерге дейін үлкейткісі келетіндерін айтты.

Ауқымды зерттеу жұмыстарына 900-ден астам әйел қатысқан.

Үшінші мөлшерлі омырау иелерінің 40%-ы төстері көңілдерінен шығатынын айтса, төртінші мөлшердегі кеуделілер арасында өз омырауына разылық білдіргендер аз болды. Олар тек қана 34%-ды құрады.

Ал, бесінші мөлшерлі омырау арулар арасында асқан сұранысқа ие емес болып шықты. Бар-жоғы 29% ғана мұндай үлкен төс ұнайтынын білдірді.

Өз төстеріне риза болмағандар ішінде көш бастап тұрғандар - екінші мөлшерлі кеуделілер. Олардың небәрі 24%-ы ғана омырауларының көңілдерінен шығатындығын мәлімдеген.

Сауалнамаға қатысқандардың көбісі төстерін үлкейткісі келетіндерін айтты. Алайда, үлкен омыраулы әйелдер керісінше, кеудесін кішірейтуді мақсат еткен.

Әңгіме желісі пластикалық хирургияға ауыса бастағанда, қыздар қауымының басым көпшілігі жасанды отаға қарсылығын білдірген. Кәсіби хирургтарға өз төсін үлкейтуге әйелдердің тек қана 8%-ы даяр болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel