RU
Нағыз бақыт: Әйелдер өз төсін қай мөлшерге дейін үлкейтуді қалайды?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Нағыз бақыт: Әйелдер өз төсін қай мөлшерге дейін үлкейтуді қалайды?

Рассказать Вконтакте

Әлемнің ең үздік пластикалық хирургтары біріге отырып әйелдер қауымы арасындағы сұранысқа ие омырау мөлшерін анықтады. Бұл мәселеге қатысты олар арнайы ауқымды сауалнама жүргізген деп хабарлайды Дни.ру-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: dvezhizni.ru

фото: dvezhizni.ru

Пластикалық хирургтар жүргізген сауалнама кезінде арулар төсінің мөлшері мен оған қатысты пікірін білдіріп, болашақта қандай мөлшерге дейін үлкейткісі келетіндерін айтты.

Ауқымды зерттеу жұмыстарына 900-ден астам әйел қатысқан.

Үшінші мөлшер иелерінің 40%-ы өз омыраулары көңілдерінен шығатынын айтса, төртінші мөлшердегі кеуделілер арасында өз төсіне разылық білдіргендер аз болған. Олар тек қана 34%-ды құрады.

Ал, бесінші мөлшерлі омырау арулар арасында асқан сұранысқа ие емес болып шықты. Бар-жоғы 29% ғана мұндай үлкен төс ұнайтынын білдірген.

Өз төстеріне риза болмағандар ішінде көш бастап тұрғандар - екінші мөлшерлі кеуде иелері. Олардың небәрі 24%-ы ғана омырауларының көңілден шығатынын мәлімдеген.

Ең қызығы, сауалнамаға қатысқандардың көбісі төстерін үлкейткісі келетіндерін айтыпты Алайда, үлкен омыраулы әйелдер керісінше, кеудесін кішірейтуді қалайды.

Сіздің реакцияңыз
4
5
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel