Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мирзияевтің сөзін құлағына да ілмеген шенді мұғалімдерге қайтадан көше сыпыртып қойды

Опубликовано:

Өзбекстанның Самарқан облысына Самарқан қаласында ақыл-есі кем балалар оқитын №62 арнайы мектеп-интернатқа директор болып барған Азамат Умаров алғашқы жұмыс күні-ақ барлық мұғалімді көші сыпыруға жіберген деп хабарлайды centralasian.org-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: goldenmost.ru
Көрнекі фото: goldenmost.ru: UGC
"Біздің бұрынғы директор мұғалімдерді көше тазалауға мәжбүрлемеген, қайта бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуімізді сұраған", - дейді интернат ұстазы.

"Мектеп-интернат қызметкерлерінің көбісінің кішкентай балалары бар, сол себепті олар тазалыққа балаларымен бірге көше сыпыруға мәжбүр болды", - дейді мұғалім.

Айта кетейік, Азамат Умаров Каттакурган ауданында ұстаз Диана Еникееваны көше сыпырып жүргенде КамАЗ қағып өлтіруіне байланысты жұмыстан шығарылған

Бұл оқиға биыл наурыз айының ортасында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Самарқан облысына сапары кезінде болған.

Сырдария облысына сапары кезінде президент Мирзияев мұғалім Диана Еникееваның өліміне өзін кінәлайтынын мәлімдеп, мұғалімдерді мәжбүрлі еңбекке жеккен басшылар жұмыстан шығарылатынын ескерткен.

Ал №62 мектеп-интернат директорының әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары Гуллола Маматкулованың айтуынша, мұғалімдердің барлығы тазалық жұмысына өз еріктерімен шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1733446-mirziaevti-szin-klagyna-da-ilmegen-sendi-mgalimderge-kajtadan-kse-sypyrtyp-kojdy/

pixel