RU
ШҚО-да бір күнде алты бірдей сиырды жайратып тастаған аюлардан жұрт үрейленіп отыр
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да бір күнде алты бірдей сиырды жайратып тастаған аюлардан жұрт үрейленіп отыр

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысындағы елді-мекендер аюлар шабуылына тап болды. Жабайы жануарлар таулы аймаққа жақын орналасқан ауылдарды торуылдап, қожалықтардағы малды қыруға кірісіп кеткен деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ШҚО-да қожалықтарды талқандап жатқан аюлар ел үрейін тудырды

ШҚО-да қожалықтарды талқандап жатқан аюлар ел үрейін тудырды

Бұрын-соңды ауылды аймақтарға шабуылдамаған аюлардың бұл әрекетке баруына бал омартасы түрткі болған. Тәтті бал үшін келген жануарлар жергілікті омарташының бал арасын жайратып тастады.

Оған қоса, маймақ аңдар шаруа қожалықтарын тас-талқан етіп, мал атаулысын да қыруды бастаған.

Бұл өз кезегінде, аудандағы шаруа қожалықтарын шығынға мүлдем шаш етектен батырып отыр. Мұнда тіпті, бір аюдың өзі бір күнде алты бірдей сиырды жайратып тастаған. Жабайы аюлар мұны да аздық етіп, енді таулы аймаққа жақын ауылдарды торауылдауға көшті. Мал таусылғанда адамдар өзіміз жем боламыз ба деп дабыл қағуда.

Үрейі ұшқан жұрт аңдарды атуға да қауқарсыз болып шықты. Олардың айтуынша, қаруға деген рұқсат қағаздың бағасын олардың қалталары көтермейді.

"Ол қағаздың қымбаттылығынан бөлек, оны алудың өзі біраз уақытты алады. Бұлай жүре берсек, мал таусылғанда аюдың азығына өзіміз айналатын сияқтымыз ғой", - деп айтты алаңдаулы көпшілік.

Соңғы жылдары, ШҚО-дағы аюлар санының екі есеге көбейіп кетуіне осы мәселелер түрткі болса керек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
6
1
2
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel