RU
Қазақ жігіттерінен көңілі қалған бойжеткен арабқа тұрмысқа шыққысы келетінін айтты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қазақ жігіттерінен көңілі қалған бойжеткен арабқа тұрмысқа шыққысы келетінін айтты (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақ жігіттерінен көңілі қалған Алматы қаласының тұрғыны Айдана Мақсұтова қазақ жігітіне күйеуге шыққысы келмейтінін мәлімдеді. Бойжеткеннің айтуынша, ол өзін алақанына салып аялайтын шетел жігіттерінмен отау құрғысы келеді. Бұл туралы Айдана Еуразия арнасының "Әйел сыры" бағдарламасында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Араб пен кәріс бойжеткен араб немесе кәріс жігітін таңдайтынын айтты

Кадр: "Еуразия" арнасынан алынды

Айдананың айтуынша, қазақ жігітіне тұрмысқа шықпаудың себебі өте көп.

"Себеп өте көп. Біріншіден, менің қазақ жігіттеріне көңілім толмайды, себебі біздің қазақ жігіттері әйел адамды сыйлай алмайды. Дөрекі, жауапкершілік жоқ. Жауапкершілік алғысы келмейді. "Үйленгенше жаным дейді, үйленгенше жаныңды жейді" дейді ғой. Басқа ұлт сияқты әйелдерді сыйламайды. Біз қыздар олардан көп нәрсе күтеміз. Өзгереді деп ойлаймыз. Бірақ ондай болмайды. Біздің күткен жігітіміз ондай болмай шығады. Біз әйелдер қауымы қандаймыз? Әйелдер көбірек көңіл бөлгенді қалайды", - деген ол өзінің қазақ жігітінен неліктен көңілі қалғанын айтып берді.

"Менің қазақ жігітім болған. Екеуіміз жүріп жүрдік, үйленеміз деп шештік. Бірақ үйленетін кезде, мүлдем өзгеріп, өзінің талаптарын қоя бастады. Жұмыс істемейсің, үйде отырасың, бала қарайсың деп талап қойды. Енді жағдайы жоқ емес, бар. Дегенмен менің пікіріммен санаспайды", - дейді ол.

Негізінде көптеген қазақ әйелдері өзін ойламайды. Бала-шаға үшін, өз бақытын ойламай, бастысы күйеуім асырап отыр деп өзі сүймейтін адаммен өмір сүреді. Ол дұрыс емес. Мен болашақта мұсылман азаматына, болмаса араб, түрік не кәріс жігіттерге тұрмысқа шыққым келеді”, - дейді сұлуклық салонында жұмыс істейтін Айдана.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
47
7
7
1
1
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір