RU
Қытайлықтар ажырасу үшін емтихан тапсыратын болды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қытайлықтар ажырасу үшін емтихан тапсыратын болды

Рассказать Вконтакте

Қытайда ажырасу саласына енгізілген жаңашылдық көпшілік наразылығын тудырды. Ерлі-зайыптылар заңды түрде ажырасу үшін арнайы емтихан тапсыруға міндеттелуді жеке өмірге деген қолсұғушылық ретінде қабылдаған деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Ажырасу емтиханы арқылы ерлі-зайыптылар болашағының бар-жоғы анықталмақ.

Қытайлықтардың енгізген жаңашылдығы көпті таңғалдырды. 100 сұрақтан тұратын тест сұрақтарына ерлі-зайыптылардың екеуі де жауап беруі тиіс. Бір-бірін қандай деңгейде білетіндерін анықтау арқылы олардың қарым-қатынастарының көрсеткішіне қол жеткізу мүмкіндігі туындайды.

Егерде емтихан нәтижесінде ерлі-зайыптылар 60 ұпай жинаса, оларға ажырасу шешімдерін қайта ойланып көрулеріне кеңес беріледі.

Ал егер, екеуінің бірі тесттен құлап қалған жағдайда жұптың болашағы жоқ деген шешім қабылданады.

Ажырасу емтиханын құптамайтындар қатары көбейіп кетті. Соның салдарынан, азаматтық әкімшілік мекемесі бұл сынақтан өту-өтпеуі жұптардың өз қалауы бойынша іске асырылмақ. Яғни, біреуді қинап тапсырту емтихан мүддесіне кірмейтін болады.

"Ешкімге қысым көрсетілмейді. Еркінен тыс емтихан тапсырту қате шешім болды. Енді қалағандар ғана бұл сынақтан өтеді", - деп айтты мекеме өкілдері.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір