RU
Тыйым салынған жерде ұлды болған келіншек жүкті екенін білмей қалды
Жаңалықтар Әлемде

Тыйым салынған жерде ұлды болған келіншек жүкті екенін білмей қалды

Рассказать Вконтакте

Бразилиядағы Фернанду-ди-Норонья аралында заңды түрде бала тууға тыйым салынған. Ұзақ уақыт бойы сақталып келе жатқан заңдылықты араға 12 жыл салып, 22 жастағы бойжеткен бұзған. Ол адам баласы туылмаған жерде ұлды болды деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Оқиға 19 мамыр күні орын алды. Фернанду-ди-Норонья аралына барған жас ана өзінің жүкті екенін білмей қалған. Екіқабаттылықты растайтын тест кері нәтиже көрсеткен соң, ол бала босануға тіптен дайын болмағанын айтты.

"Жұма күні ішім қатты ауырғаннан кейін әжетханаға бардым. Онда аяғымның ортасынан бірдене шығып келе жатқанын бір-ақ аңғардым. Бірден анамды көмекке шақырдым", -деп айтты бойжеткен.

Жас ана дереу жергілікті ауруханаға жеткізілген. Әзірге бала мен ананың жағдайы белгісіз.

Айта кетейік, үш мыңға жуық адам мекен еткен Фернанду-ди-Норонья аралында мүлдем перзентханалар жоқ. Соған байланысты, бұл жерде заңды түрде бала туу тыйым салынған.

Аралдағы жүкті әйелдер 350 шақырымды еңсеріп материктегі перзентханаларға жүгінуге мәжбүр болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
5
4
2
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір