Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар жұмыста көңіл көтеріп отыруға кеңес берді

Опубликовано:

Израиль мен АҚШ ғалымдары жұмыста көңіл көтерудің еш айыбы жоқтығын алға тартуда. Керісінше арасында демалыс жариялап отыру пайдалы дейді олар. Бұл туралы NUR.KZ порталы lab.bit.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жұмыс. Көрнекі фото: Day.Az
Жұмыс. Көрнекі фото: Day.Az: UGC

Зерттеушілер кеңседе іші пысып, түрлі сайттарды қарау арқылы көңіл көтеретін жұмыскерлерді жақтап шықты. Олар мұндай қызметкерлердің жұмыста өнімділігі түспей, керісінше ісі оңға басады деген тоқтамға келген.

Сауланамаға қатысқан 460 қызметкер жұмыс көп болмаған күндері ғана өзіне демалыс жариялап, кеңседе көңіл көтеретіндерін мойындаған екен. Олар жұмыста түрлі сайттарды ақтарып, фильм тамашалайтын болып шықты.

Ал жұмыс көп болған күндері сәл тынығып үлгерген жұмыскерлер жаңа күшпен барынша өз міндетін атқаратын көрінеді.

Осылайша ғалымдар жұмыста көңіл көтерудің еш айыбы жоқтығын алға тартып, тіпті қызметкерлердің күйзелісін азайту үшін кеңседе арнайы ойын сайттарын ашуды ұсынды.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1733476-galymdar-zmysta-kil-kterip-otyruga-kees-berdi/

pixel