RU
Шымкенттік гимнасшы қызға жанкүйерлер таңдай қақты
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттік гимнасшы қызға жанкүйерлер таңдай қақты

Рассказать Вконтакте

Астанада көркем гимнастикадан Қазақстан чемионаты аяқталды. Аталған сынға еліміздегі үздік гимнасшылар қатысып, үздіктерді анықтаған болатын. Чемпионат қорытындысы бойынша жақында ғана Азияны мойындатқан шымкенттік Алина Әділхановаға тең келер ешкім болған жоқ деп хабарлайды olympic.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

Алина көпсайыста да, жекелеген жаттығуларда да қарсыластарын озып, алтын медальге ие болды. Күміс жүлдені ОҚО-ның тағы бір өкілі Даяна Әбдірбекова қанжыласа, үздік үштікті астаналық Адиля Тлекенова тұйықтады.

Ұлттық құраманың бас бапкері, екі бірдей Олимпиада ойындарына қатысқан Әлия Юсупова ел біріншілігі көптеген талантты спортшылардың танылуына мүмкіндік бергенін айтты.

«Қазақстан чемпионатына еліміздегі спортшылардың барлығы қатысуы тиіс. Өйткені, осы додадан соң тамыздың аяғында өтетін Азия ойындарына аттанатын құрам жасақталады. Бұл біріншіліктің маңызы зор екенін осыдан-ақ байқау болады. Бас бапкер ретінде мен талантты спортшылардың аяқ алысын бақыладым. Спортшылардың үлкен дайындықпен келгені көрініп тұр», - дейді бас бапкер Әлия Юсупова.
Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

Көркем гимнастикадан Қазақстан біріншілігі. 21-23 мамыр. Ересектер, көпсайыс:

1. Алина Әділханова, ОҚО – 70,200 ұпай

2. Даяна Әбдірбекова, ОҚО – 66,000 ұпай

3. Адиля Тлекенова, Астана – 65,750 ұпай

4. Айдана Сарыбай, Павлодар – 62,750 ұпай

Мамырдың басында қазақстандық көркем гимнасшылар Куала-Лумпрда өткен Азия чемпионатынан табысты оралды. Алина Әділханова сары құрлық додасында үш алтын жеңіп алды. Ол доп және таспамен жаттығуда, сондай-ақ, көпсайыста алтын медаль иегері атанды. Сонымен бірге, Қазақстан құрамасы командалық есепте күміс медаль, топтық жаттығуда қола медаль иеленді.

Енді ұлттық құрама спортшылары үшін Индонезияда өтетін Жазғы Азия ойындарына қызу дайындық басталады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel