Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бала тәрбиесінде еврейлер ұстанатын 7 қағида қандай?

Опубликовано:

Кей адамдар бала тәрбиесіне келгенде еврей ұлтын көпшілікке үлгі етіп жатады. Баласына қол көтермек түгілі, кемсітпейтін бұл ұлттың ұрпақ тәрбилеудегі ерекшеліктері қандай? Осы орайда kyn.kz бала тәрбиесінде еврейлер ұстанатын 7 қағида назарыңызға ұсынады деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: Kolobok.ua
Көрнекі фото: Kolobok.ua: UGC

1. Баласын ешуақытта кемсітпейді. Баласы қандай да бір тәртіп бұзса, анасы ешқашан сөгіп ұрыспайды, Қайта "менің ақылды балам мұндай жөнсіз нәрсені қалай істеп қойды, енді ол ешқашан ақымақтық жасамайды" деп арқасынан қағып, мейірімін білдіреді.

2. Бүкіл еврей қоғамына тән екі нәрсе. Олар баласын еркін ұстағанымен баласын қатал талап қоюда біледі. Олар үшін баланы еркіндікте ұстау арнайы бұлжытпас тәрбие емес, еркіндік еврей ата-анасы үшін таза ауамен тыныстау секілді қағида. Қаталдық бала шектен шыққан кезде ғана қолданылатын түсінікті тұрғыда айтылатын тәрбие. Мысалы, еврей баласы шешесінің жұпар иісті әтірін ауладағы мысығының үстіне сепсе, оған бола анасынан сөз естімейді.

3.Әрқашан баласын мақтап отырады: Бұл үрдіс туғаннан бастау алады. Тіпті болар болмас істелінген іске бола перзентін мақтау — еврей қоғамындағы қалыпты құбылыс.

4. Ең алдымен бала-шағасына өздері үлгі болуға тырысады. Жанұяда орын алған қандай да бір ақымақтық істі бала көрмеуі керек, тіпті сезбеуі тиіс. Өздері жауапкершілікті сезіне отырып, олар балаларын да осыған бағыттайды.

5. Тәрбиеде бала ең алдымен әке мен шешеге ерекше назар аударуы керек. Егер отбасында бала ата-ана арасындағы ерекше сыйластықты өскенше көріп өссе, онда ол да өзі отбасы құрғанда болашақ жарымен осындай дәстүр қалыптастыруға тырысады.

6. Еврей отбасында бала тәрбиесі ол дүниеге келмей тұрып басталады. Мәселен бала тәрбиесіне қатысты тұтастай жүйе жасалынып қойылған, кез келген елдімекен мен қалаларда арнайы ата-аналар курсы жұмыс істейді. Әлеуметтік желілерде тәрбиеге қатысты айдарлар өте көп.

7. Баласы жалқаулықтың не екенін білмейді. Еврейдік ата-ана балаларын ешқашан бос қоймайды. Ағылшын тілін үйрену, математикамен шұғылдану, спорт үйірмесіне бару, мұның барлығы алдын-ала есептелініп қойылған. Сондықтан бала бос болмайды. Әрқашан асығып, бәріне үлгеріп қалуға тырысады және бұл өмір сүру дағдысына айналған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1733483-bala-trbiesinde-evrejler-stanatyn-7-kagida-kandaj/

pixel