RU
Аяқ киім табанына құрбыларының атын жазған қалындық дауға қалды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Аяқ киім табанына құрбыларының атын жазған қалындық дауға қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Үйлену тойларында қалындық өз аяқ киімінің табанына әлі тұрмысқа шықпаған құрбыларының есімін жазып қою оқиғалары көптеп кездеседі. Соңғы кездері кең қанат жайған бұл үрдіс нағыз той дәстүріне айналып бара жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

mayafashion.ro

mayafashion.ro

Жақын арада ғаламтор кеңістігіне аяқ киімінің табанына тұрмыс құрмаған құрбыларының жазып жатқан бойжеткен видеосы тарап кеткен болатын. Бейнежазбаны тамашалаған желі қолданушылары жас келіннің қылығын қатты сынап тастады.

Көпшілік қазақ дәстүрлерінің тарихында болмаған бұл салтты санасыз жастардың ойлап тапқан ермегіне теңеген.

Қалындық аяқ киімінің табанына жазылған есімдер иелерінің бірі келесі болып үйленеді дегенді білдіреді. Белгілі болғандай бұл салттың түп-тамыры Греция мен Түркия елдерінен бастау алған.

Дәстүрдің шартына сәйкес, әрбір қыз өз есімін туфлидің табанына жазып қоюы тиіс. Той соңында қай арудың есімі өшпесе, келесі болып қалындық көйлегін сол қыз киеді деген сенім бар.

Өзіміздің халықтық дәстүрімізде ұзату кезінде қыздың құрбылары мен сіңілілеріне үкі тарату іспетті салт жасалады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
2
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel