RU

Танымал "гей" актер өзіне жаңа махаббат тауып алды (фото)

"Форсаж 6" фильмінің актері Люк Эванс өзінің жаңа махаббатын жолықтырды. Танымал тұлғаның бұл жолғы таңдауы Виктор Турпинге түскен деп хабарлайды peopletalk.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: peopletalk.ru/article
Фото: peopletalk.ru/article: UGC

Люктің өзінен үш жас кіші ғашығы жайлы шетелдік БАҚ өкілдері жарыса жазуда.

Ол екі жыл бойы Джон Кортахарен есімді модель жігітпен кездескен.

Алайда, әлі күнге дейін Люк Эванстың көрермендері сүйікті актерлерінің гей екеніне сене алмай жүр.

Бірақ, актер Виктормен бірнеше рет іс-шараларда ортақ суретке түсіп, белгісіз біреуді сағынып жүргені жайлы жазба қалдырған. Енді олар ашық түрде кездесуге бел байлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733487-tanymal-gej-akter-zine-zaa-mahabbat-tauyp-aldy-foto.html