Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гарри ханзаданың сүйіктісі тұңғыш қара нәсілді ханшайым болмай шықты

Опубликовано:

Меган Маркл корольдік отбасының тұнғыш қара нәсілді мүшесі деп аталып кетті. Алайда, бірқатар әлем тарихшылары бұл пікірдің қате болуы мүмкін деп күмән қағуда деп хабарлайды time.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Гарри ханзаданың сүйіктісі тұнғыш қара нәсілді ханшайым болмай шықты
Гарри ханзаданың сүйіктісі тұнғыш қара нәсілді ханшайым болмай шықты: UGC

Ажырасқан, католиктік бағытты ұстанған әрі қара нәсілді болған америкалық азаматша корольдік отбасының көптеген стандарттарына сәйкес келмейді Алайда, мұншама қарама-қайшылықтың өзі де оның Гарри ханзаданың әйелі атануға кедергі келтірмеген.

Меганды тұнғыш қара нәсілді ханшайым деп атап кеткен көпшіліктің пікірі қате болуы әбден мүмкін. Танымал тарихшылар тұжырымы бойынша бұл атау үшінші Георг королінің әйелі Шарлотта патшайым еншісінде.

Фото: bbc.com
Фото: bbc.com: UGC

17 жасында корольға тұрмысқа шығып оған 15 бала туып берген әйелдің түп-тамыры Африка елдерінен екені ауқымды зерттеу кезінде белгілі болды.

Португалия корольдігінің өкілі болған Шарлоттаның түп-тамыры Африка елдерінен болғанын Марио Вальдес есімді тарихшы арнайы фильм түсіру барысында анықтаған. Оның айтуынша, 1200 жылы билік еткен Португалия королі Африкаға жасаған жорығы барысында қара нәсілді арумен көңіл қосып, одан үш бала сүйген.

"Ол балалардың бірі Соуз әулетіне күйеубала болып, оның ұрпақтары сонау Шарлоттаға дейін жалғасын тапқан", - деп айтты зерттеуші.
Фото: bbc.com
Фото: bbc.com: UGC

Тіпті өзінің король әйеліне айналу рәсімі кезінде жиылған көпшілік оның тері түсінің ерекшелігін бірден аңғарған.

Алайда, Шарлотта патшайымның суреттеріне қарасақ оның қара нәсілмен шатысы бар екенін байқау мүмкін емес. Оның портреттерде аққұба болып көрінуіне сол кездің танымал суретшісі Аллан Рэмсидің септігі тиген.

Фото: bbc.com
Фото: bbc.com: UGC

Бұл суретші үшінші Георг әйелінен бөлек, бірқатар қара-торы ханшайымдар келбеттерін аппақ түске айналдыра бейнелеген болатын.

Міне осы сияқты түрлі дәлелдемелер Меган Марклдің алғашқы қара нәсілді ханшайым екеніне күмән тудырады. Алайда, корольдік отбасының тарихын зерттеушілердің кейбірі бұл тұжырымдармен келіспейді. Олардың айтуынша, Шарлотта патшайымның генетикасы Африка елдеріне мүлдем қатысты емес.

"Шарлоттаның қара нәсілді болуының жағдайында да қаншама жыл өтті. Оны нақты ешкім дәлелдей алмайды. Корольдік тарихында нақты қара нәсілді өкіл болғаны жайлы ешбір жерде жазылмаған. Сол себепті, Меган Маркл заңды түрде өзін тұнғыш қара нәсілді ханшайым санауына толық негіз бар", - дейді олар.
Фото: bbc.com
Фото: bbc.com: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1733492-garri-hanzadany-sjiktisi-tgys-kara-nsildi-hansajym-bolmaj-sykty/

pixel