RU
Кішкентай баланы аяусыз тепкілеген әйел елдің жағасын ұстатты (видео +16)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Кішкентай баланы аяусыз тепкілеген әйел елдің жағасын ұстатты (видео +16)

Рассказать Вконтакте

Кішкентай баланы жерге жатқызып алып, ішінен аяусыз тепкілеген белгісіз әйелдің видеосы елдің жағасын ұстатты. Бұл оқиғаның қай өңірде түсірілгені белгісіз болғанымен, желі қолданушылары оны тезірек ұстап, жазаға тарту керектігін айтуда деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: arnapress.kz

Фото: arnapress.kz

"Мына қылмысты жасағанды және оны түсірген адамды жедел тауып, жазаға тарту керек", - ашынды оқырмандар.

Видеода баланы ұрған әйел оның ішінен тепкілеп тастайды. Ол аздай баланы етпетінен жатқызып, пышақ тақаған. Бұл әрекеттерді көрген желі қолданушылары көздеріне жас алып, баланың аман болуын тіледі.

"Мына оңбағандарды ұстап, жазаға тарту керек", "Баланы өлтірді ғой. Не жазығы бар періштенің?", "Есі дұрыс емес шығар", "Ұрғанын да, түсіргенін де ұстап алып, түрмеге қамау керек", "Обал-ай. Жылап алдым, баланы аяп" деді оқырмандар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
18
66
6
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір