RU

Ұлы көз алдында ұшақ апатынан мерт болған ер адам көз жасын тоқтата алмады

Ирландияның Идедерри қаласының маңында ұшақ жерге құлап, екі адам мерт болды деп хабарлайды Daily Mail сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: GoFundMe
Фото: GoFundMe: UGC

Парашютшы Крис Каспржак өзінің жеті жасар ұлы Кацперді ұшақ ішінде қалдырып, өзі секіріп кеткен. Бірер минуттардан кейін ұшақ жерге құлап, пилот Нил Боудич пен Кацпер қайтыс болған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Айта кететін бір жайт, ұшақ бортында пилот пен баладан басқа 15 парашютшы болған. Алайда олар секіріп үлгерген.

Әріптестерінің айтуынша, пилот Нил Боудич кәсіби маман болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733498-ly-kz-aldynda-sak-apatynan-mert-bolgan-er-adam-kz-zasyn-toktata-almady.html