RU
СҚО әкімі қазақтың атын шығарған Самал Есләмоваға 3 бөлмелі пәтер берді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

СҚО әкімі қазақтың атын шығарған Самал Есләмоваға 3 бөлмелі пәтер берді (фото)

Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Канн кинофестивалінде топ жарған жерлесі актриса Самал Есләмовамен кездесіп, оған үш бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: СҚО әкімдігі

Фото: СҚО әкімдігі

Әкіммен кездесуге Самалдың ата-анасы Ілияс және Гүлмайра Есләмовтер, Самалдың алғашқы сынып жетекшісі Зухра Абуқызы және Самал жұмыс істеген Сәбит Мұқанов атындағы сазды-драма театрының актерлері, сондай-ақ өнер колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Сонымен қатар кездесуде өңір басшысы осы күнге дейін Қазақстанның және тіпті ТМД елдерінің актрисалары осы атаққа қол жеткізе алмағандығын баса айтты. Құмар Ақсақалов әйгілі актерлер мен актрисалардың рухани әлемі туған жерімен мықты байланыста дейді.

Фото: СҚО әкімдігі

Фото: СҚО әкімдігі

"Әлемдегі ең танымал кинофестивальге қатысып, топ жарып, жетістікке жету Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде болмаған жағдай. Қазақтың атын, рухын көтергенің үшін Самалға алғысымыз шексіз. Қарапайым ауылдан шығып, осындай жетістікке Самал өзінің дарындылығының арқасында қол жеткізді. Көп адамдар әйгілі актерлер үлкен қалаларда туады деп ойлайды. Шын мәнінде, нағыз актерлер мен актрисалар шағын ауылдардан шығады. Адамның ішкі рухани әлемі ата-жұртынан, туған жерінен, тарихынан нәр алады. Самалдың жетістігі осыған дәлел", - дейді Құмар Ақсақалов.

Өз кезегінде Самал Есләмова дүйім жұртқа құттықтаулар мен қолдаулары үшін алғысын жеткізді.

"Елге келіп, жерлестерімді көру мен үшін қуаныш. Мені қолдап, құттықтап жатқандарыңыз үшін көп алғыс айтамын", - дейді актриса.

Фото: СҚО әкімдігі

Фото: СҚО әкімдігі

Кездесуде Самалдың ата-анасы сөз сөйлеп, қыздарының үлкен жетістігіне жылы тілектерін білдіріп жатқан солтүстікқазақстандық жамағатқа алғыстарын жеткізді.

Кездесу соңына марапаттау рәсімі өтті. Құмар Ақсақалов Самал Есләмоваға үш бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Сондай-ақ актриса облыс әкімінің құрмет грамотасына да ие болды.

Ал оның ата-анасы облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Еске сала кетейік, Самал Есләмова 71-ші халықаралық Канн кинофестивалінде ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" фильміндегі рөлі үшін үздік актриса номинациясын жеңіп алған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
28
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір