RU
Ақтөбеде 27 жастағы бойжеткенді көршісі жөргекпен тұншықтырып өлтірді
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде 27 жастағы бойжеткенді көршісі жөргекпен тұншықтырып өлтірді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде ақыл-есі дамымай қалғандарға арналған интернатта 27 жастағы қызды көршісі аяусыз өлтіріп тастады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Сот. Фото: NUR.KZ

Сот. Фото: NUR.KZ

Қазіргі уақытта Ақтөбедегі мамандандырылған ауданаралық сотында ақыл-есі дамымай қалған интернат тәрбиеленушісіне қатысты сот процесі болып жатыр.

33 жастағы Жазира Сарбалинаны 27 жастағы көршісі Мәдина Солдатова буындырып өлтірген. Зәбірленушінің апасы кінәлілердің жауапқа тартылуын сұрап, сотқа арыз түсірген.

Оқиға 29 қаңтарда таңғы сағат 5-тер шамасында болған. Сотта медициналық сараптаманың қорытындылары оқылды.

Мадина Салдатова көршісі ұйқы бермегесін, оны кеудесінен сабалай жөнелген. Кейін қарсыласа алмай жатқан құрбанын жөргекпен тұншықтырып тастайды.

Сот. Фото: NUR.KZ

Сот. Фото: NUR.KZ

"Қанталаған іздер жәбірленушінің кеудесінде, мойнында болды... Өлім тыныс алу жолдарының бітелуінен болған", - дейді сот-медициналық сараптама маманы Серікқали Көбенов.

Сараптама орталығының психологтары адам өлтірген жәбірленушінің туа бітті ақауы болғанын айтты.

Мәдина Солдатова ақыл-есі төмен балаларға арналған орталықта ұзақ уақыт емделген. Мамандар ата-анасының ішімдікке салынғанынан баласы психологиялық ауытқумен туылғанын айтты.

Қазіргі уақытта кінәлі деп танылған ақыл-есі төмен жауапкер интернаттан жүйке жүйесінде ауытқуы бар адамдарды емдейтін ауруханаға ауыстырылған. Ол жерде алты ай бақыланатын болады.

Ал жәбірленуші 33 жастағы Жазира Сарбалина орталықта 2012 жылдан бері жатқан. Оны интернатқа аналары қайтыс болғаннан кейін апасы әкелген екен.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
6
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір