RU
Ауыр дерттен адам шошырлық күйге түскен атыраулық келіншек жанайқайын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Ауыр дерттен адам шошырлық күйге түскен атыраулық келіншек жанайқайын айтты

Рассказать Вконтакте

Атырау қаласының тұрғыны Зухра Ахметова аса ауыр дерттің зардабын шегіп жатыр. Қаржы тапшылығына тап болған үш баланың анасы шарасыздықтан көпшілік көмегіне жүгінуге мәжбүр деп хабарлайды Мой город сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: mgorod.kz

Фото: mgorod.kz

Зухра Ахметова бетіне шыққан қатерлі ісік салдарынан анорексия ауруына да шалдыққан. Бұл дертті емдеу аса қымбат болғандықтан, қарапайым тұратын отбасының оны төлеуге қауқарсыз болып отыр.

Осыған орай, үш баланың анасы арнайы видео жазып қазақстандықтардан көмек сұраған. Бейнежазбада әйел адам өзінің танымал бағдарламаға қатысып, өз басына туған жағдаймен бөліскенін айтты.

"Астанаға барып телебағдарламаға қатысуымның басты себебі - Мәскеу қаласындағы толыққанды емдеуге қажетті қаражатты жинау болды. Бағдарламадан кейін көпшілік қоңырау шалып, қал-жағдайымды біліп-сұрасты. Тіпті кейбірі арнайы есепшотқа ақшалай көмек аударды", - дейді Зухра.
Фото: mgorod.kz

Фото: mgorod.kz

Үш баланың анасы Ләйлә Сұлтанқызының "Өз ойым" бағдарламасын соңғы үмітім деп санаған. Алайда, бағдарлама Зухраның күткен нәтижесін бермепті. Есепшотқа тым аз қаржы жиналған.

Айта кетейік, үш жыл бұрын Зухра Ахметованың бетіне шыққан ісік атыраулық тұрғынды анорексияға ұшыратқан. Үшінші баласына жүкті болған анаға дәрігерлер бала тууға кеңес бермегенімен, келіншек құлақ аспай сәбиін босаныпты. Енді оны емдеп аяққа тұрғызуға қажетті қаражат жетіспей тұр.

Егер де үш баланың анасына материалдық көмек берем десеңіз мына төмендегі есепшоттарға ақша аударуыңызға болады. Ахметовтар отбасы үшін бүгінгі күні әрбір тиын да аса маңызды.

Каспий Голд - Сабина Маратовна 5169493175401010 (сестра Зухры)

ЖСН Каспий Голд- 990322450256

АТФ банк есепшоты: 4052554008220530

Халык банк есепшоты: 5354510081702945

Қазпочта нөмірі: KZ67563046PN00105161

Зухра ЖСН: 890827401837

Киви-әмиян: 8778 120 10 89

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
5
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel