Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"BN" тобын танымал еткен продюсер той бағытындағы әншілерді жарыққа шығарды

Опубликовано:

Екі жылда "BN" тобының жұлдызын жағып, күллі қазақ еліне танытқан продюсер Еркебұлан Молдашов енді той әншілерін танымал етпек. Ол екі бірдей азаматты той бағытына арнап шығарды. Продюсер кезінде "Қазақстан дауысы" және "Музартлайф" жобаларында бақ сынасқан Нұрман Арыстан мен Шоқан Уәлиханның бағын жағуды көздеп отыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Еркебұлан Молдашев. Фото: NUR.KZ
Еркебұлан Молдашев. Фото: NUR.KZ: UGC

Еркебұлан екі жобасына қос-қостан бейнебаян түсіртіп, көпшілікке ұсынбақ.

"Біздің өнер әлемі шоу - бизнес пен той - бизнес деп бөлініп жатады ғой. "BN" тобы жасөспірімдер, олардың бағыттары бөлек. Көбіне жас аудиторияға жұмыс жасаудамыз. Ал Нұрман мен Шоқан шығыс стилінде әндер орындайды. Бағытымыз жеңіл, аудиториямыз жас талғамайды.

Нұрман Арыстанға "Мария" және "Айжамал" әндеріне, ал Шоқан Уәлиханға "Маған ұнап қалдың" және "Ауырма жүрек" туындыларына бейнеклип түсірдік. Бағасын халық бере жатар. Негізі екеуі де музыкалық білімі жоғары жігіттер. Оларға сенім артамын", - деп ағынан жарылды Молдашев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1733533-bn-tobyn-tanymal-etken-produser-toj-bagytyndagy-nsilerdi-zarykka-sygardy/

pixel